Минскіде Қазақстан мен Беларусьтің көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылы талқыланды

Минскіде Қазақстан мен Беларусьтің көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылы талқыланды

Минск, 2026 жылғы 4 маусым - Қазақстан Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Секретамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі елдің көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Халықаралық ұйымдардағы сайланбалы позицияларға Қазақстан мен Беларусь кандидатураларын өзара қолдауға ерекше назар аударылды.

Дипломаттар елдер арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ көпжақты Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және дамытуға өзара мүдделілігін растады.