
Минск, 2026 жылғы 27 сәуір - 22-26 сәуір аралығында Минскіде Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Ботвинникті еске алуға арналған «Minsk Open» бокстан ашық турнир аяқталды.
Жарысқа Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь елдерінен 15-16 жас аралығындағы 200 жас боксшы қатысты.
Ең мықты спортшылардың арасында үздік техника мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсеткен қазақстандық спортшылардың өнерлері атап өтілді: Салават әділ (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) алтын медаль, ал Мұхитдин Нұрбек (60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) қола жүлдеге ие болды.