Минскіде «Наурыз» мерекесі атап өтілді

Минскіде «Наурыз» мерекесі атап өтілді

Минск, 2026 жылғы 22 наурыз - Республикалық ұлттық мәдениеттер орталығының (РҰМО) концерт залында Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қолдауымен «Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Наурыз» мерекесі өтті.

Іс-шараға қазақ диаспорасының өкілдері және Беларусьте тұратын отандастар, Беларусь Республикасының оқу орындарында оқитын Қазақстан студенттері және т.б. шақырылды.

Мереке қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылып, «Беташар» дәстүрлі қазақ үйлену рәсімі - қалыңдықтың күйеуінің туыстарымен танысуы және оның жаңа отбасына ресми қабылдануы көрсетілді.

Қонақтарға ұлттық қазақ тағамдары, жент, палау, бауырсақ және мерекенің басты сусыны «Наурыз-көже» ұсынылды.

«Достар» ҚБ Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігіне және Қазақстанның Минск және Витебск облыстарындағы Құрметті Консулы Д.А. Егоровқа іс-шараны ұйымдастыруға қатысқаны және баға жетпес көмегі үшін ерекше алғысын білдірді.

«Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы» қоғамдық бірлестігі 2025 жылғы 7 тамызда құрылды, Төрағасы - Лысенко Марианна Сәуленбекқызы.