
Минск, 2026 жылғы 18 наурыз - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі «Қазақтардың «Достар» мәдени-ағарту ұйымы» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2026 жылғы 17-22 наурызда Беларусь астанасында өтетін XXXIII Минск Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұжымдық стендінің қазақстандық бөлігінің тұсаукесерін өткізді. Кітап көрмелерінің, пікірталас және презентация алаңдарының басты тақырыбы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуының 35 жылдығы болды.
Ұлттық павильонда қазақ классиктерінің, қазіргі заманғы авторлардың кітаптары, сондай-ақ республиканың табиғаты мен туристік әлеуеті туралы түрлі-түсті материалдар ұсынылды.
Көрме-жәрмеңке қатысушылары мен қонақтарды қарсы ала отырып, Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов ТМД елдеріміздің алдында тұрған негізгі проблемаларға ұстанымдарды жақындастыруға және бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін таптырмас тетік болып қала беретінін атап өтті.
Қазақстандық дипломат Астана мен Минскінің мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастығы, Қазақстанмен Беларусь әдебиетінің ұлы классиктерінің бай дәстүрлерімен байланыстары, сондай-ақ екі ел жазушылары мен ақындарының қазіргі белсенді ынтымақтастығы туралы айтып берді.
Көптеген әдеби сыйлықтардың лауреаты, ақын және аудармашы Михась Поздняков ұлы Абай Құнанбаевқа арналған белгілі қазақ жазушысы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовтің көп томдық эпопеясын белорус тіліне аудару бойынша үлкен жұмыс атқарды.
Қазақстандық жазушылар – әдебиеттанушы Светлана Ананьева мен Қазақстанның халық жазушы Любовь Шашкова Беларусь Жазушылар одағының мүшелері болып табылады. Минскіде С.Ананьева мен А.Карлюкевичтің белорус және қазақ ұлттық әдебиеттеріне, оларды салыстырмалы талдауға арналған бірнеше кітаптары жарық көрді.
Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің бастамасымен 1990 жылдардан бастап Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің батылдықтарына арналған ондаған кітаптар жарық көрді. Олардың көпшілігі қазақстандық экспозицияда ұсынылды.
«Достар» ҚБ басшысы Марианна Сәуленбекқызы Лысенко өз кезегінде Қазақстан тек шексіз дала мен таулар ғана емес, сонымен қатар әр қонақты дастархан жайып, бимен әнмен қарсы алатын қонақжай халық екенін атап өтті.
Концерттік бағдарлама барысында ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде БМШТУ студенті Гаухар Мұратова мен Марианна Лысенконың орындауында шырқалды, ол сондай-ақ Мұхтар Құраловтың «Бұлақты жүрек» және Аян Сейітовтің «Ауылым» әндерін орындады.
Қазақстандық тұсаукесер белорус жұртшылығының, қазақ диаспорасының және Қазақстан студенттерінің қызығушылығын тудырды.