
Минск, 2026 жылғы 26 ақпан - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша алдағы референдумға арналған Беларусь БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Қазақ дипломаты құжаттың негізгі новеллалары мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаның тұжырымдамалық негіздері туралы хабардар етті.
Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін таныстыра отырып, Т.Жақсылықов ұсынылған конституциялық реформа Мемлекет басшысының дәйекті саяси қайта құруларының қисынды жалғасы болып табылатынын атап өтті.
Елші еліміздің негізгі Заңындағы тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттің адам орталықтылығын арттыруға, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Беларусьте Қазақстан азаматтарының дауыс беруіне арналған учаскелер ағымдағы жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Минскідегі Елшілігі және Бресттегі Бас консулдығы жанында сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады.