Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын белорус тіліне аударған атақты жазушы Михаил Поздняковты 75 жылдығымен құттықтады

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын белорус тіліне аударған атақты жазушы Михаил Поздняковты 75 жылдығымен құттықтады

Минск, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Жазушылар Одағының Минск бөлімшесінің төрағасы Михаил Поздняковтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кешке қатысты.

Өз сөзінде Т.Жақсылықов М.Поздняковқа мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Беларусь халықтарының жақындасуына қосқан айрықша үлесі үшін алғысын білдірді. Оның көрнекті қазақ драматургі және ғалымы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының белорус тіліне аудармасы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаев есімін Беларусьте танымал етуде орасан зор рөл атқарғанын атап өтті.

М.Поздняковтың арқасында қазақ халқы ұлының өмірі мен рухани қалыптасуы туралы төрт томдық романның аудармасы Беларусь оқырманына ана тілінде қазақ әдебиетінің басты шығармаларының бірімен танысуға мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени қарым-қатынастардағы маңызды оқиғаға айналды.

Елші Беларусьте қазақ әдебиетінің шығармаларын ілгерілетуде одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді және жазушыға жаңа шығармашылық жетістіктер үшін сарқылмас күш пен жігер, ал оның шығармаларына – оқырмандардың жүрегінде ұзақ өмір тіледі.