
Минск, 2026 жылғы 29 қаңтар - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғылық және басқа да органдары жанындағы қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайда айтқан Қазақстандағы конституциялық өзгерістер туралы хабардар етті.
Құрылтайда Президент Тоқаев мемлекеттік жүйені жаңғыртуға, басқару архитектурасын нақтылауға және ұзақ мерзімді саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған конституциялық және институционалдық реформалар пакетін ұсынды. Атап айтқанда, Президенттің сабақтастығы ережелерін ресімдеу, вице-президент лауазымын құру және Ұлттық референдумнан кейін түбегейлі жаңа конституциялық модельге көшу ұсынылды.
Сондай-ақ Президент теңгерімді, прагматикалық және мүдделерге бағдарланған дипломатияны, сондай-ақ экономикалық интеграцияның басымдықтарын, азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын және цифрландыру мен жасанды интеллекттің ұлттық бәсекеге қабілеттілік үшін стратегиялық маңыздылығын растай отырып, өзгермелі жаһандық жағдайдағы Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымын қозғады.
Соңында Т.Жақсылықов 2022 жылы басталған реформалар ұлттық референдумға шығарылатын аталған бастамалармен бірге 1995 жылғы конституциялық модельден түбегейлі жаңа саяси жүйеге көшуді белгілейтінін атап өтті. Бұл реформаларды қоғамдық қолдау саяси жүйенің жаңаруына және Қазақстандағы ұзақ мерзімді тұрақтылықтың нығаюына алып келеді.