Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газа жөніндегі Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газа жөніндегі Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

2026 жылғы 22 қаңтарда Давоста Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

Қазақстан Президентімен қатар қол қою рәсіміне 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқылардың бірі болып Дональд Трамптан Газа жөніндегі Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақыру алды. Онда Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болу ұсынылды.