
Минск, 2025 жылғы 13 желтоқсан - Елшілік көп балалы отбасыларға, ауыр науқас балалар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсететін Елшілердің, дипломаттардың және шетелдік өкілдердің әйелдерінің Минск Халықаралық әйелдер клубы ұйымдастырған Халықаралық рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараға шет елдердің 30-дан астам дипломатиялық өкілдіктері қатысты. Дипломатиялық миссиялар мәдени-танымдық стендтер, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын сатуды ұйымдастырып, келушілерді ұлттық тағамдармен таныстырды. Жәрмеңкені қайырымдылық комитетінің құрметті төрағасы, Беларусь Сыртқы істер министрінің жұбайы Наталья Рыженкова ашты.
Қазақстан Елшілігі кәдесый және аспаздық өнімдер ұсынды. Қазақтың дәстүрлі киімдері, ұлттық ою-өрнектері бар әшекейлер, киізден жасалған бұйымдар, сондай-ақ түрлі ұлттық тағамдары жәрмеңкеге келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Қазақстан да мерекелік концертке қатысты - скрипкада қазақ халық әндері орындалды.
Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат ұйымдастырушыларға -Елшілердің, дипломаттардың және шетелдік өкілдердің әйелдерінің Минск Халықаралық әйелдер клубына қайырымдылық мақсаттарға берілді.