
Минск, 2025 жылғы 12 желтоқсан - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің бастамасымен «Қазақстан және Беларусь: цифрландыру және жасанды интеллект арқылы экономикалық өсу диалогы» тақырыбында
35-ке жуық мемлекеттік органдардың, ғылыми және іскер топтардың, сондай-ақ Беларусь Республикасының сараптамалық және талдамалық қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар екі елдің цифрландыру, жасанды интеллект жүйелерін енгізу және пайдалану, мемлекеттік қызметтер мен финтех саласында IT-өнімдерді әзірлеу саласындағы жетістіктерін, сондай-ақ осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Қазақстанның мемлекетті цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті дамыту саласындағы негізгі жетістіктері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында 2028 жылға қарай елді толық цифрлық мемлекетке айналдыру туралы мақсат қойғанын атап өтті. Бұл тұжырымдама цифрлық орта, электрондық үкімет және сот төрелігі, ашық деректер және цифрлық экономика арқылы азаматтармен және бизнеспен байланыс арналарын кеңейтуді білдіреді.
Т.Жақсылықов бұл әртүрлі цифрлық қызметтер жиынтығын құру туралы емес, біртұтас жүйеге біріктірілген заңнаманы, инфрақұрылымды, инвестициялық саясатты, кадрлар даярлауды және нақты мемлекеттік қызметтерді қамтитын тұтас экожүйе туралы екенін атап өтті. Қазақстанның дамуының бұл жаңа моделі цифрлық мемлекеттік басқаруды, цифрлық экономиканы, Smart-инфрақұрылымды, адами капиталды және цифрлық сауаттылықты, сондай-ақ технологиялық егемендік пен қауіпсіздікті көздейді.
Елші Беларусьтің цифрландыру саласындағы жетістіктері мен тәжірибесін жоғары бағалай отырып, елімізде қалыптасқан мықты ғылыми мектепті, қуатты ІТ-құзыреттіліктерді және цифрлық трансформация үшін іргелі базаны атап өтті. «Беларусьтің цифрлық мемлекет моделін өз бетінше құру тәжірибесі цифрлық егемендікті нығайту тұрғысынан Қазақстан үшін құрмет пен үлкен қызығушылық тудырады», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде, БР экономика министрінің орынбасары Кирилл Машарский Беларусь Үкіметінің цифрландыру саласындағы негізгі шараларын және азаматтар, бизнес және мемлекет қатынастарын цифрландырудың белсенді үдерісінен туындаған экономикалық әсерді атап өтті. Цифрландыру экономиканың дәстүрлі секторларының өсуін жеделдету үшін жоғары маңызға ие. Осы тұрғыда Беларусь реттеушілері мен заң шығарушылары цифрлық кодекс пен жасанды интеллект туралы Заңды әзірлеу мақсатында қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытатынына назар аударды. Ол Қазақстанмен цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастық тек нығая түсетініне сенім білдіріп. «Қазақстан мен Беларусьті шикізаттық емес экономикалық өсімнің драйвері ретінде цифрландыруға деген ынта біріктіреді» деп атап өтті.
Қатысушылар Қазақстанда жасанды интеллектті цифрландыру және енгізу ауқымын жоғары бағалады. Тараптардың бірлескен кооперациясы үшін негізгі бағыттардың ішінде мыналар бөлінді: Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мобильді сервистер, криптовалюталар мен токендерді пайдаланудың қазақстандық тәжірибесі, Беларусьтің жинақталған құзыреттері бар MedTech – телемедицина, сондай -ақ EdTech-техникалық білім беру жүйесін құрудағы белорус тәжірибесі.
Дөңгелек үстел соңында Т.Жақсылықов өткен кездесу Қазақстан мен Беларуське практикалық өзара іс-қимылдың жаңа бағдарларын белгілеуге және стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазақстан бірлескен жұмысқа ЖИ-әзірлемелермен және цифрлық шешімдермен алмасудан бастап мамандарды даярлауға, govtech енгізуге және технологиялық диалогты кеңейтуге дейін ашық.
Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар жоғары технологиялар мен ақпараттандыру саласындағы одан әрі тығыз және жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.