
Минск, 2025 жылғы 5-7 желтоқсан - Беларусь астанасында Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан және Ресей құрамаларының қатысуымен U16 ұлдар мен қыздардың 8 командасы арасында бұрынғы спорт және туризм министрі, Беларусь ҰОК бірінші басшысы Владимир Рыженковты еске алуға арналған баскетболдан XXVII халықаралық турнирі өтті.
Қазақстандық ерлер құрамасы U16 турнир кестесінде үшінші орынды – қола медальдарды жеңіп алып, үйлесімді ойын, дене шынықтыру және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.
Турнир аясында Қазақстан мен Беларусь баскетбол федерациялары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов пен Беларусь баскетбол федерациясының төрағасы, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженков қол қойған құжат екі ел арасындағы олимпиадалық қозғалысты, салауатты өмір салтын насихаттау, баскетболдың беделін арттыру және дамыту саласындағы әріптестік қатынастарды дамытуды көздейді.