Өзара оқу тағылымдамалары және бірлескен білім беру бағдарламалары – Қазақстан мен Беларусь ЖОО-лары өзара іс-қимылды нығайтады

Өзара оқу тағылымдамалары және бірлескен білім беру бағдарламалары – Қазақстан мен Беларусь ЖОО-лары өзара іс-қимылды нығайтады

Минск, 2025 жылғы 5 қараша - Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінде Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру мекемелері ректорларының дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел барысында тараптар өкілдерінің ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілеріне арналған баяндамалары тыңдалды, ал оның түйінді қорытындысы жаңа бірлескен бағдарламаларды іске қосу, академиялық алмасуларды жандандыру және перспективалы ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін берік негіз болған жоғары оқу орындары арасындағы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою болды. Осылайша бұл іс-шара жемісті әріптестіктің жаңа кезеңінің басталуын белгіледі. Іс-шараға Қазақстан мен Беларусьтің жетекші, сондай-ақ өңірлік жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Maqsut Narikbayev University және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті П.М.Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті П.О.Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университетімен, Баранович мемлекеттік университетімен, Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен және Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетімен келісімдерге қол қойды.

М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетіндегі (БГПУ) Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығына көрнекті қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімін берудің салтанатты рәсімі өтті. Бұл Орталық 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.

Сондай-ақ, БГПУ-да «Қазақстанның ғылыми және білім беру жетістіктері туралы» дөңгелек үстел өтті, оның барысында тараптар оқу тағылымдамалары, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпарат алмасып, бірлескен білім беру бағдарламаларын талқылады.

Тараптар әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыс саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға өзара қызығушылықты атап өтті.