Білім және ғылым саласындағы Қазақстан - Беларусь ынтымақтастығы кеңеюде

Білім және ғылым саласындағы Қазақстан - Беларусь ынтымақтастығы кеңеюде

Минск, 2025 жылғы 4 қараша - Беларусь ұлттық техникалық университетінде Қазақстан мен Беларусьтің бейінді министрліктері, екі елдің жоғары оқу орындары мен дипломатиялық өкілдіктері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан мен Беларусьтің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумының (бұдан әрі – Консорциум) қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының X отырысы өтті.

Отырыс барысында консорциум жұмысы Қазақстан - Беларусь білім беру ынтымақтастығының қозғалтқышы және бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды талқылау және академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін маңызды алаң болып табылатыны атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Беларусь ұлттық техникалық университетімен, Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетімен және Беларусь Мемлекеттік Ауылшаруашылық академиясымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Қарағанды медициналық университеті мен Беларусь мемлекеттік медицина университеті арасында келісімдерге қол қойылды.

Консорциум құрамында 28 қазақстандық ЖОО және 36 Беларусь ЖОО және ҒЗИ бар. Жұмыс комиссиясының X отырысының шешімімен Консорциумның жаңа мүшелері болып Maqsut Narikbayev University, Қарағанды медициналық институты, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда , Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау және Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университеттері қабылданды.

Консорциумның мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде табысты тәжірибе алмасу мен тарату, академиялық ұтқырлықты жандандыру, ғалымдарды, оқытушылар мен студенттерді ғылыми, білім беру және мәдени салалардағы интеграция процесіне тарту.