Қазақстандық режиссер Мадина Ашилованың «Көп қырлы Алтай» фильмі Минскіде өткен ТМД елдерінің «Еуразия.DOC»-2025 халықаралық деректі фильмдерінің кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін дипломмен марапатталды

Қазақстандық режиссер Мадина Ашилованың «Көп қырлы Алтай» фильмі Минскіде өткен ТМД елдерінің «Еуразия.DOC»-2025 халықаралық деректі фильмдерінің кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін дипломмен марапатталды

Минск, 2025 жылғы 2-3 қазан - ТМД елдерінің «Еуразия.DOC» IX Халықаралық деректі фильмдерінің фестивалі өтті. Бұл іс-шара Еуразия деректі фильмі сұранысқа ие, өзекті және көркемдік маңызды болып қала беретінін тағы да дәлелдейді. Аталған жұмыстардың қатарында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан фильмдері бар.

Байқау қорытындысы бойынша режиссер Мадина Ашилованың «Көп қырлы Алтай» атты қазақстандық деректі фильмі үздік операторлық жұмысы үшін дипломға ие болды.

Картина төрт елдің түйіскен жерінде орналасқан Еуразияның ежелгі тау жүйесінің аймағы туралы баяндайды. Авторлар Алтайды – табиғат, мәдениет және адам өзара сирек кездесетін бірлік пен үйлесімділікті қалыптастыратын орын ретінде көрсетті.

Фильмді Беларусь көрерменіне оның сценаристі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің профессоры Қалимаш Бегалинова таныстырды. Ол Қазақстанда, Қытайда, Моңғолияда және Ресейде түсірілім туралы өз әсерлерімен бөлісіп, жергілікті тұрғындармен кездесулері мен осы бірегей аймақтың бай алуан түрлілігі туралы баяндады.