Минск, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Петр Миклашевичке конституциялық-құқықтық қатынастар саласындағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың атынан марапатты тапсыра отырып, Т.Жақсылықов Қазақстан мен Беларусь ортақ құндылықтарға негізделген берік достастық байланыстаратынын, олардың арасында конституциялық тәртіпті нығайту мен әділ құқықтық мемлекет құру екенін жеткізді.
Өз кезегінде П.Миклашевич Беларусь Конституциялық Сотының барлық судьяларының жұмысына жоғары баға бергені үшін алғысын білдіріп, еліміздің жоғары сот органының қызметі және қазақстандық әріптестерімен нәтижелі ынтымақтастық туралы айтты.
Тараптар конституциялық-құқықтық саладағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға сенім білдірді.