Минск, 2025 жылғы 26 қыркүйек - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған «Қазіргі жағдайдағы туризмді дамыту перспективалары: әлемдік үрдістер мен өңірлік контексттер» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция аясында Елшіліктің «Қазақстанның экомаршруттары бойынша саяхат» атты қазақстандық туризм туралы презентация ұйымдастырылды. Оның барысында форум қатысушыларына бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдени мұрасы бар еліміздегі экотуризм мүмкіндіктері ұсынылды.
Тұсаукесер барысында Елшіліктің бірінші хатшысы Жаслан Джазин экологиялық туризм табиғатты қорғауға ғана емес, жергілікті қоғамдастықтарды қолдауға, экологиялық мәдениет пен ағартушылықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Қазақстан орнықты даму жолында маңызды қадамдар жасауда және экотуризм осы процестің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.