Минск, 2025 жылғы 19-20 қыркүйек - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің құрама командасы Халықаралық бейбітшілік күні мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығын мерекелеуге арналған Шахматтан халықаралық командалық турнирге қатысты.
Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Беларусьтегі Тұрақты үйлестірушісі кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шара кәсіби шахматшыларды, гроссмейстерлерді, жастарды, ұлттық серіктестерді, дипломатиялық корпусты және бизнес өкілдерін біріктірді.
Салтанатты ашылу рәсіміне Беларусь Сыртқы істер министрі М.Рыженков, БҰҰ-ның Беларусьтегі Тұрақты үйлестірушісі Р.Багиров, Беларусь Спорт және туризм министрінің орынбасары А.Барауля, сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.