Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті

Минск, 2025 жылғы 19 қыркүйек - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде белорус қоғам қайраткерлері мен сарапшыларының қатысуымен Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті

Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Жолдауда Президент Қ.К.Тоқаев цифрлық трансформацияға, инвестициялық жаңғыртуға, жаһандық өзара байланысқа және институционалдық жаңаруға бағытталған өршіл реформалар бағдарламасын ұсынғанын атап өтті. Жолдауда Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі дамыту – заң шығарушы органды реформалау, атап айтқанда бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсынысты қоса алғанда, бастамалардың ауқымды кешені айтылды. Осылайша, Қазақстан бастамашылық ететін ауқымды қайта құрулар тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар Беларусь Республикасын қоса алғанда, біздің стратегиялық әріптестерімізбен ынтымақтастықты нығайту үшін мүмкіндіктер туғызады.

Өз кезегінде, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер Палатасының депутаты, Заңнама жөніндегі тұрақты комиссияның Төрағасы, Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Беларусь Ұлттық Жиналысының жұмыс тобының жетекшісі Марина Ленчевская бұл Жолдау елдің стратегиялық дамуындағы жаңа кезеңді белгілегенін, тез өзгеретін жаһандық сын-қатерлер жағдайында мықты және тұрақты елді құруға бағытталған нақты шаралар мен іргелі реформаларға бағдар белгіленгенін атап өтті. Қазақстан өз алдына экономиканы неғұрлым жоғары технологиялық, әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономикаға айналдыру мақсатын қойып отыр. Жолдаудың Қазақстан мен көрші елдер үшін ғана емес, жалпы еуразиялық кеңістік үшін де маңызы зор. Осыған байланысты М.Ленчевская Қазақстан Мәжілісінің цифрландыру саласындағы заңнамалық тәжірибесінің маңыздылығын атап өтіп, Беларусь парламентшілерінің олармен тығыз және нәтижелі өзара іс-қимыл жасайтынын ерекше атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Жолдауда баяндалған бастамалардың Қазақстан мен Беларусьтің инвестиция, екі елдің транзиттік-көліктік әлеуеті, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына ерекше назар аударды.