Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі мен «Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы XV Республикалық ұлттық мәдениеттер фестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі мен «Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы XV Республикалық ұлттық мәдениеттер фестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Минск, 2025 жылғы 6 қыркүйек - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі және «Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы XV Республикалық ұлттық мәдениеттер фестивалінің ашылу салтанатына қатысты.

Республикалық ұлттық мәдениеттер фестивалі 1996 жылдан бері өткізіліп келеді, Беларусьте тұратын 140 ұлтты біріктіреді. Фестиваль Беларусьтің барлық облыс орталықтарында өтіп, фестивальдің астанасы Гродно қаласында 2026 жылы финалдық бағдарламамен аяқталады.

Фестивальдің ашылуы концерттік бағдарламамен, ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктер мен Беларусь астанасының халық шығармашылығы шеберлерінің көрмесімен сүйемелденді.

Қазақ ауласы қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, кітаптармен, ұлттық тағамдармен, тәттілермен, сондай-ақ әсерлі концерттік нөмірлермен ұсынылды