Қазақстандық орындаушылар «Витебскідегі Славян базары» XXXIV халықаралық өнер фестивалін бағындырды

Қазақстандық орындаушылар «Витебскідегі Славян базары» XXXIV халықаралық өнер фестивалін бағындырды

Витебск, 2025 жылғы 8-14 шілде - әлемнің 44 елінің өкілдерін жинаған жыл сайынғы «Витебскідегі Славян базары» XXXIV халықаралық өнер фестивалі өтті.

Әр фестивальдің жыл сайынғы негізгі буыны екі қазақстандық орындаушыға жеңіс әкелген вокалдық конкурстар болып табылады.

Жетісу облысының әншісі Алмагүл Батталиева «Витебск 2025» Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының «Алтын лирасы» - Гран-при иегері атанды.

XXIII Халықаралық «Витебск 2025» балалар музыкалық байқауында бірінші орынды Алматы облысының жас әншісі Мирас Нағашыбай иеленді.

«Dream Dance Fest» VII Халықаралық би жобасында (кіші жас санаты) Қызылордадан келген «Балбұлақ» халықтық-үлгілі ансамблінің жас бишілері «Нұр Шашу» биімен I дәрежеге ие болды.

Фестивальдің «Қуыршақ кварталында» алғаш рет Маңғыстау облыстық қуыршақ театры қатысып, белорус «Лялька» театрында қазақ мәдениетін, ұлттық философиясы мен құндылықтарын бейнелейтін «Ата-бабалар елі» спектаклін ұсынды.