Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі «Букидс. Әлем айналасында» отбасылық фестиваліне қатысты

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі «Букидс. Әлем айналасында» отбасылық фестиваліне қатысты

Минск, 2025 жылғы 28-29 маусым — Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі және қазақ диаспорасының өкілдері Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Минск қаласының Ботаникалық бағында өткен «Букидс. Әлем айналасында» отбасылық фестиваліне қатысты.

Іс — шара аясында балаларға арналған концерт өткізілді. Онда қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстан туралы әндер шырқап, Беларусь ұлттық техникалық университетінің студенті П.Хохлова - "Қамажай" ұлттық биін орындады.

«Қазақстан» павильонындағы фотоаймақта кішкентай келушілер ұлттық киімдер киіп, естелік фото түсіре алды.
«Арқан тарту» (Перетягивание канатов) және «Бес асық» (Пять асыков) ұлттық ойындары балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ, балалар интерактивті ойындарға қатысып, киіз үйді өз қолдарымен ойылған ұлттық ою-өрнектермен безендірді.

«Букидс. Әлем айналасында» отбасылық фестивалі алғаш рет өткізіліп, екі күнде 15 мыңнан астам келушілерді жинады.
Іс-шараға Венесуэла, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ресей, Өзбекстан және т. б. қоса алғанда 20-дан астам елдің өкілдері қатысты.