Қазақстан мен Беларусь ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Беларусь ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Минск, 2025 жылғы 12 маусым - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі
Т.Жақсылықов Беларусь мемлекеттік университетінің ректоры А.Корольмен кездесті.

Әңгімелесу барысында ғылым мен білім саласындағы қазақ-белорус ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде Қазақстан мен Беларусьтің ҒЗИ мен жоғары оқу орындары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумы жұмысының, сондай-ақ алдағы екі елдің жоғары оқу орындары ректорларының I форумының  маңыздылығы талқыланды.

А.Король БМУ-дың бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарымен белсенді өзара іс-қимылы туралы баяндап, Ғылыми-білім беру консорциумының құрамын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Т. Жақсылықов БМУ-ді 15 қазанда Астанада және 16 қазанда Алматыда  өтетін жыл сайынғы «International Education Fair – 2025» халықаралық білім беру көрмесінің жұмысына  қатысуға шақырды.