Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Соты Пленумының кезекті отырысы өтті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Соты Пленумының кезекті отырысы өтті

Минск, 2025 жылғы 10 маусым - ТМД Атқарушы комитетінің штаб-пәтерінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Соты Пленумының кезекті отырысы өтті.

Пленум отырысы барысында ТМД Экономикалық Сотының Төрағасы мен оның орынбасары сайланып, өзге мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының Төрағасы болып Қазақстан Республикасынан ТМД Экономикалық Сотының соты Нұрбаев Герман Кәрімұлы сайланды.

Пленум шешімімен ТМД елдері соттарының бірқатар басшылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиевті қоса алғанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының Құрмет грамотасымен марапатталды.