Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Руслан Чернецкиймен кездесті

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Руслан Чернецкиймен кездесті

Минск, 2025 жылғы 30 мамыр - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Руслан Чернецкиймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Беларусьтің мәдениет және өнер саласындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылап, екі ел басшылығының мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған саяси ерік-жігерінің салдары болып табылатын екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар мәдениет пен өнер саласындағы қазақ-белорус ынтымақтастығы үлкен мазмұнға толы екенін және халықтар арасындағы өзара түсіністікке ықпал ететінін белгіледі.

Қазақстандық тараптың шілде айында өтетін «Витебскідегі Славян базары» XXXIV халықаралық өнер фестиваліне а.ж. қарашада өтетін «Лістапад» XXXI Минск халықаралық кинофестиваліне қатысуын қоса алғанда, бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарлары қаралды.

Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті іске асыру Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.