Құрметті азаматтар!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу үшін шет елдердегі мекемелерге мына құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін еркін нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа);
3) шет елдің азаматтығын растайтын шет мемлекет паспортының немесе құжатының көшірмесі;
4) басқа мемлекетке тұрақты тұруға кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсатты растайтын құжаттың көшірмесі.