Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды талап ету

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін алу үшін келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 2 данада ұсынуыңыз қажет:

1.Еркін нысандағы өтініш;

2.Қосымшадағы нысан бойынша талап ету жөніндегі сауалнама үш дана;

3.Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және 2 дана көшірмесі;

4.Құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжат (қажет болған жағдайда);

5.Заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);

6.Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімі;

7.Талап етілетін құжаттың түпнұсқасы (бар болған жағдайда);

8.Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжат. Консулдық алым 30 АҚШ доллар.

Қайтыс болу туралы куәлікті марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар қызметтік мақсатта талап ете алады.

16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.

 Жеке тұлғалардың қолдаухаты бойынша өтініштер қанағаттандыруға жатпайды:

-Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа адамдарға берілсе;

-Егер неке бұзылған болса, неке туралы куәліктер;

-Қайтыс болған адамның туу туралы куәліктері.

Әскери билеттер, қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері қалпына келтірілмейді, жөнелтілмейді немесе шетелге шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің мүшелік билеттерін сұрату тәртібін осы бірлестіктер айқындайды.

16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Құжаттарыңыздың дайын екендігі туралы Сізге хабарлама жолдау үшін мекенжайыңыз көрсетілген маркаланған конверт (22 х 11 см) ұсынуды сұраймыз.

 

Дата публикации
11 ноября 2020
Дата обновления
11 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 мая 2025
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
Ақпарат
08 апреля 2025
Қазақстанның қорғаншылық және қамқоршылық аумақтық органдарымен байланысу ақпараты
Ақпарат
01 апреля 2025
Беларуське шығатын Қазақстан азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы