Мехико, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Президенті Клаудия Шейнбаумға сенім грамоталарын табыс етті.
Тапсыру рәсімі мексикалық мемлекет басшының ресми резиденциясы – Ұлттық сарайда өтті.
Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында Елші А.Тұрғанбеков Президент К.Шейнбауммен қысқа сұхбат өткізіп, мексикалық тарапқа Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қошеметі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Қазақ дипломаты еліміз Мексикамен Латын Америкасындағы негізгі серіктес ретінде жан-жақты өзара іс-қимылды ілгерілетуге ерекше мән беретінін атап өтті.
Өз кезегінде, Президент К.Шейнбаум Мексиканың Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ниетін растады.
Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексика Сыртқы істер министрі Х.Р. де ла Фуэнте де қатысты.