Гватемаланың Сыртқы істер министрімен кездесу

Гватемаланың Сыртқы істер министрімен кездесу

2024 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Мексикада және Гватемалада қызметін қоса атқарушы ретінде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер басшыларының Гватемаланың Сыртқы істер министрі Карлос Рамиро Мартинес Альварадомен кездесуіне қатысты. Кездесу Мексиканың Сыртқы істер министрлігінде өтті.

Гватемаланың Сыртқы істер министрі қатысушыларды елдегі өзекті саяси және экономикалық жағдаймен, инвестициялық және туристік әлеуетпен, сондай-ақ Гватемаланың жаңа үкіметінің сыртқы саяси басымдықтарымен таныстырды.

Кездесу соңында Т.Пірімбетов К.Р.Мартинес Альварадомен қысқа сұхбат өткізіп, екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан-Гватемала қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.