Қазақстан-Мексика» парламенттік достық тобының басшысымен кездесу

Қазақстан-Мексика» парламенттік достық тобының басшысымен кездесу

2024 жылғы 9 сәуірде Мексика тарапының шақыруымен Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Мексика Бас Конгресінде «Қазақстан-Мексика» достық тобының төрағасы, төменгі палата депутаты Хосе Мигель де ла Крус Лимамен кездесу өткізді. Кездесуге достық тобының мүшесі, депутат Олимпия Тамара Гирон Эрнандес да қатысты.

Тараптар «Қазақстан-Мексика» парламентаралық өзара іс-қимылды дамыту және нығайту жөніндегі алдағы жоспарларды талқылады. Х. М. де ла Крус Лима үстіміздегі жылдың маусым айында өтетін Мексикадағы жалпы сайлауға дайындық барысы туралы хабарлады.

Қазақстандық дипломат, өз кезегінде, сайлаудың сәтті өтуін тілеп, Бас Конгресстің жаңа мүшелері сайланғаннан кейін «Қазақстан-Мексика» парламентаралық достық тобының желісі бойынша сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастық жалғасатындығына сенім білдірді.

Кездесу аяқталғаннан кейін мексикалық депутаттар Бас Конгресс ғимаратына экскурсия өткізді.