ОПАНАЛ штаб-пәтеріндегі кездесу

ОПАНАЛ штаб-пәтеріндегі кездесу

Мехико, 2023 жылғы 29 ақпан – Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде (ОПАНАЛ) ядролық қаруға тыйым салу ұйымның Бас хатшысы Флавио Роберто Бонзанинидің шақыруымен Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов Ұйымның штаб-пәтеріне барды.

Тараптар Қазақстанның Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа (ОАЯҚААШ) қатысушы мемлекет ретінде ОПАНАЛ ұйымымен өзара іс-қимылына қатысты жан-жақты пікір алмасты.

Ф.Р. Бонзанини Қазақстанның ядролық қаруға қарсы күн тәртібін халықаралық деңгейде дәйекті ілгерілетудегі рөлі мен күш-жігері жоғары бағалады. Қазақстандық дипломатты Ұйымның ядролық қарудан азат басқа Аймақтармен ынтымақтастық шеңберінде қызметімен таныстырды. Осыған байланысты Ф.Р. Бонзанини ОПАНАЛ мен ОАЯҚААШ арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасасу жөніндегі келіссөздерді жандандыруды жақтады. Ол ОПАНАЛ-дың осы уақытқа дейін бірнеше басқа Аймақтармен ұқсас құжатқа қол қойғанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Ф.Р. Бонзанинимен сұхбат барысында жаһандық қауіпсіздік саласындағы маңызды қазақстандық халықаралық бастамаларға назар аударды: Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік; Ядролық сынақтар құрбандарын қолдаудың халықаралық Траст қоры; Орталық Азия мен Ауғанстан үшін арналған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталықты құру.

Өз кезегінде, Ф.Р. Бонзанини ОПАНАЛ-дың қазақстандық бастамаларды толық қолдайтынын атап өтті. Оларды ағымдағы жылдың сәуір айында 33 мүше мемлекет қатысатын ОПАНАЛ Кеңесінің отырысы барысында жариялайтынына сендірді.

Т.Пірімбетов сонымен бірге елімізде өткізілетін алдағы іс-шаралар туралы хабардар етті – Астана халықаралық форумы, Ядролық қарудан азат аймақтар өкілдерінің екінші кездесуі және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың үйлестіру комитетінің отырысы, аталған Шартқа қатысушы мемлекеттердің шақыруымен. Ф.Р. Бонзанини аталған іс-шараларға қатысуға мүдделілігін растады.

Кездесу жылы және достық ахуалда өтті және оның қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.

 

Анықтама: Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу ұйымы (ОПАНАЛ) 1967 жылы 14 ақпанда Мехикода қол қойылған Латын Америкасы мен Кариб бассейініндегі ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (Тлателолко келісімі) сәйкес 1969 жылы құрылды. Қазіргі уақытта Үйымға Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің 33 мемлекеті кіреді.