Орталық Америка елдерімен ынтымақтастықты дамыту туралы

Орталық Америка елдерімен ынтымақтастықты дамыту туралы

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Мексика Құрама Штаттарындағы Белиз, Панама Республикасы және Коста-Рика Республикасының елшілерімен кездесті.

Қазақстанның аталған мемлекеттермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының өзекті тақырыптары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді ырықтандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат әріптестеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы баяндады, сондай-ақ ағымдағы жылы елімізде өтетін аса маңызды халықаралық іс-шаралар – Астана халықаралық форумы және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, туралы хабардар етті.

Кездесулер барысында тараптар елшіліктер желісі бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.