Ақорда резиденциясында сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті

Ақорда резиденциясында сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мексиканың Елшісі Хосе Луиса Мартинес и Эрнандестен сенім грамоталарын қабылдады.

Сонымен қатар, Никарагуа елшілері - Альба Асусена Торрес Мехия, Гренада - Олег Фирер, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері, Швейцария, Ирландия, Жаңа Зеландия, Албания, Мавритания, Тунис және Норвегияның елшілері сенім грамоталарын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды біздің елдегі миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан сындарлы ынтымақтастық үшін ашық екенін мәлім етті.

Мемлекет басшысы дипломаттардың назарын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихи кезеңіне аударды. Сондай-ақ қазіргі Қазақстанның кемеліне келген, қалыптасқан, ішкі жағдайы тұрақты, алуантүрлі ұлттар бірлігінің тиімді үлгісін көрсетіп отырған, сондай-ақ қарқынды экономикалық өсімі бар және теңгерімді сыртқы саясат ұстанатын сыйлы мемлекет екенін атап өтті.

Мексика Елшісі өз кезегінде қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында екі ел арасындағы, әсіресе энергетика саласындағы дипломатиялық және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға үміттенетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларына сәлемін жолдады.