ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен Мәскеуде кездесті

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен Мәскеуде кездесті

2021 жылдың 8 қыркүйек – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин резиденциясы Мәскеуде орналасқан Қазақстанда аккредиттелген Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің 12 мемлекетінің (Аргентина, Гватемала, Гренада, Колумбия, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Уругвай, Чили, Эквадор) дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті.

Әңгіме барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу орын алды.

«Сіздердің белсенді қатысуларыңызбен біздің елдер арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтеріледі деп үміттенемін. Барлық бастамаларыңыз бен ұсыныстарыңыз Қазақстанның саяси және іскерлік орталарында түсіністік пен қолдауға ие болатынына сендіргім келеді», – деп атап өтті өз сөзінде А. Рахметуллин.

Іс-шара барысында министрдің орынбасары Чили және Перу Елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.