ОПАНАЛ-дың Бас хатшысы, Елші Флавио Роберто Бонзанини Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай бейнеүндеу жасады.

ОПАНАЛ-дың Бас хатшысы, Елші Флавио Роберто Бонзанини Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай бейнеүндеу жасады.

2021 ж. 27 тамыз, Мехико қаласы. Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу ұйымның (ОПАНАЛ) Бас хатшысы, Елші Флавио Роберто Бонзанини, 2010 ж. бері жыл сайын атап өтілетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай бейнеүндеу жасады.

ОПАНАЛ-дың Бас хатшысы өз сөзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 64- ші сессиясында Қазақстанның бастамасымен бірауыздан қабылданған 64/35 қарары «ядролық сынақ жарылыстарының және кез келген басқа ядролық жарылыстардың салдары және оларды ядролық қарудан азат әлем құру мақсатына жетудің бір құралы ретінде тоқтату қажеттілігі туралы» хабардар болуға бағытталғанын еске салды.

Сонымен қатар, Бонзанини мырза басқа ядролық қарусыз аймақтарды ядролық сынақтар мен ядролық қарудан азат әлем құру үшін ынтымақтастыққа шақырды.

 

видео: https://www.youtube.com/watch?v=UbK5iQa9I1k