Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық халық санағы өтеді.

 

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «www.sanaq.gov.kz» сайтында онлайн-режимде санақ парақтарын толтыру арқылы халық санағынан өте алады.

 

Онлайн-режимдегі санаққа қатысу үшін, ең алдымен, «www.sanaq.gov.kz» сайтында тіркеуден өту керек. Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.