Қазақстан мен Мексика парламенттері ынтымақтастықты нығайтуға деген ниеттерін білдірді

Қазақстан мен Мексика парламенттері ынтымақтастықты нығайтуға деген ниеттерін білдірді

Мехико, 2025 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасының және Мексика Құрама Штаттарының парламенттері Достық топтарының жаңартылған құрамдағы алғашқы кездесуі өтті.

Кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. Ұзақ уақыт айырмашылығына қарамастан, қатысушылар өзара іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстармен бөлісіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Тараптар бір-бірін Қазақстан мен Мексикада орын алған негізгі саяси үдерістермен таныстырды.

Мексика Бас конгресі Төменгі палатасының (Депутаттар палатасы) Достық тобының басшысы Марибель Мартинес Руис ел Президенті Клаудия Шейнбаум жетекшілік ететін мексикалық коалициясы басшылыққа алған қағидаттарына — әділдікке, адалдыққа және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын ілгерілетуге арналған күн тәртібіне ерекше назар аударды.

Төменгі палатаның халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Педро Васкес Гонсалес әлемдегі тұрақсыздық жағдайында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Достық тобының жетекшісі, депутат Жарқынбек Амантайұлы мексикалық әріптестерін Қазақстандағы реформалар және бірпалаталық парламентке ауысу туралы үрдісі жөнінде хабардар етті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.

Климаттық күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, қазақ парламентші 2026 жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік климаттық саммит туралы ақпарат беріп, оның сәтті өтуіне мексикалық тараптың үлес қосуы ықтимал болатынын айтты.

Депутаттар заңнамалық салада тәжірибе мен білім алмасудың кең перспективаларына тоқталды. Атап айтқанда, депута. Максим Рожин Қазақстан Парламенті тарапынан жасанды интеллект туралы заң жобасының мақұлданғаны туралы баяндап, бұл Орталық Азияда осы бағыттағы тұңғыш заңнамалық бастама болғанын айтты. Осыған байланысты ол тәжірибемен бөлісуге дайын екенін және мексикалық әріптестерден басқа салалардағы тәжірибе мен білімді қабылдауға дайын екенін растады.

Сонымен қатар, қазақстандық парламентшілер Мексиканы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатын өткізуімен құттықтап, осы бағытта табыс пен сәттілік тіледі.

Екі тараптың да белсенді өзара іс-қимыл жасайтын ниетін ескеріп, Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Турғанбеков кездесулерге тұрақты сипат беріп, парламенттер арасында сапарлар алмасуын ұйымдастыру мүмкіндігін ұсынды. Бастама бір ауыздан қолдауға ие болды. Келесі отырыс 2026 жылдың бірінші тоқсанында өткізілуі жоспарланған.