Қазақстан мен Мексика футбол саласындағы серіктестікті дамытуда

Қазақстан мен Мексика футбол саласындағы серіктестікті дамытуда

Толука, 2025 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Футбол федерациясының атқарушы президенті Ивар Сисниегамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ерлер мен әйелдер футболын, жасөспірімдер командаларын және футзалды (шағын футбол) дамытуға ерекше назар аударып, футбол саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Елші А.Тұрғанбеков мексикалық тарапқа Қазақстандағы футболдың даму тарихын таныстырып, қазақстандық футбол клубтары мен ел құрамасының жетістіктері туралы баяндады. Осы саладағы байланыстарды нығайту мақсатында Қазақстан мен Мексиканың ұлттық футбол федерациялары арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

И.Сисниега қазақстандық футболдың қазіргі жетістіктерін жоғары бағалап, «Қайрат» атты Алматы клубының УЕФА Чемпиондар Лигасының 2025/2026 жалпы кезеңіне шығуымен құттықтап, қазақстандық клубтардың әлемдегі ең беделді турнирлердің біріне қатысуын қызығушылықпен бақылап отырғанын атап өтті. Футбол федерациялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды іске қосу идеясын қолдады.

Сонымен қатар, А.Тұрғанбеков Мексика тарапының келесі жылдың жазында Мексика, АҚШ пен Канадада өтетін Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына дайындық барысы туралы хабардар етілді.

Мексика Футбол федерациясының президенті сондай-ақ әйелдер футболы саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді. Әсіресе қазақстандық футбол федерациясымен, УЕФА және Диснеймен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстанда UEFA Playmakers бағдарламасын іске қосу идеясын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар түрлі бағыттар бойынша футбол саласындағы Қазақстан-Мексика ынтымақтастығын одан әрі нығайту туралы уағдаласты.