Мехико, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков «Raindrop School of Excellence» атты жеке мектебінің Директоры Летисия Флорес Гомеспен, осы оқу орнының аумағында экскурсиядан өтті.
Қазақстан Елшілігі білім беру саласында Мексика тарапымен ынтымақтастықты ілгерілетуде. Осы саладағы өзара іс-қимылдың болашағы зор және елшілік қызметі үшін басымдықтардың бірі болып қала береді.
Мәселен, Мехико штатында жұмыс істеп тұрған мектеп базасында қазақстандық азаматтардың басшылығымен оқу орны ашылды. Жаңа мектептің бір ерекшелігі – жеке пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндік береді. Бұл Мексикадағы қарапайым, арзан мектептер үшін әдеттегідей емес. Екіншісі – бір кешенде мектеп және мектепке дейінгі оқытудың толық циклін ұсынады.
Қазақстандық азаматтар осы идеямен Мехико штатында қол жетімді мектеп білімінің өсіп келе жатқан қажеттілігін ескеріп шықты. Мексикалық Үкімет барлық балаларға білім алуға мүмкіндік беру үшін арнайы стипендиялар енгізді.