Мексика Сыртқы істер министрлігінде кездесу

Мексика Сыртқы істер министрлігінде кездесу

Мехико, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Сыртқы істер министрлігінің Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс жөніндегі жаңадан тағайындалған Бас директоры Анибал Гомес Толедомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Мексика қатынастарының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, олардың одан әрі дамуының перспективаларын талқылады. Әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты жоспарларға ерекше назар аударылды.

Сұхбаттасушылар Астана мен Мехико өз өңірлерінде – Орталық Азия мен Латын Америкасында – маңызды рөл атқаратынын және өңіраралық ынтымақтастықты ілгерілету үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

Сонымен қатар, парламентаралық диалогты жандандыру және Қазақстан мен Мексика сыртқы саяси ведомстволары арасындағы кезекті саяси консультацияларға дайындық мәселелері қарастырылды.

Елші А.Тұрғанбеков мексикалық тарапты Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде хабардар етіп, Мемлекет басшысының ү.ж. 8 қыркүйекте жарияланған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа жыл сайынғы Жолдауының негізгі қағидаларын таныстырды.

Кездесу жылы әрі достық ахуалда өтті. Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап, сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.