Мадрид, 2025 жылғы 1 сәуір - Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Испания астанасының ең әйгілі Ретиро саябағында орналасқан Eugenio Trias кітапханасында қазақтың ұлттық әшекейлерін жасау мастер-классы өтті.
Шығармашылық іс-шарада қазақи зергерлік бұйымдардың түрлері таныстырылып, оларды әзірлеудің ерекшеліктері түсіндірілді.
Қатысушылар өз қолдарымен шекелік, алқа, бойтұмар және т.б. әшекей түрлерін жасап, өздеріңе сыйға алды. Қолөнер шеберлік сабағы испан жұртшылығын қазақ мәдениетінің этникалық қырымен таныстырды.
Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары – халықтың рухани байлығының, көркемдік талғамының айқын көрінісі. Олар қазақ халқының тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрлерінен сыр шертетін ерекше құнды мұра болып табылады. Әрбір әшекей бұйым халықтың дүниетанымын, табиғатпен және рухани әлеммен байланысын бейнелеп, қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Ұлттық әшекейлер тек сәндік зат ретінде ғана емес, адамдардың өміріне мән-мағына беретін, олардың рухани қорғанышы болған қастерлі бұйымдар болып саналады.