Мадрид, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі Леганес мэриясының қолдауымен Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруындағы Ұлыстың Ұлы күнін Ригоберта Менчу атындағы театрда атап өтті.
Мерекелік кешке 200-ден астам көрермен қатысып, олардың арасында Испания Корольдігінің мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың өкілдері, испан жұртшылығы, сондай-ақ қабылдаушы елде тұратын отандастар мен студенттер болды.
ҚР-дың Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың көктем мерекесі ғана емес, сондай-ақ жаңару, халықтар достығы мен бірлігінің символы екенін атап өтті. Сондай-ақ қазақ дипломаты «Born Bold» науқаны аясында елдің экономикалық өсуге, әлеуметтік прогреске және инновацияға серпінді, көреген көзқарасы туралы айтып, еліміздегі соңғы жылдардағы ауқымды саяси реформалармен бірге оның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайтатын Қазақстанның экономикалық даму саласындағы жетістіктеріне, Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға және Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтығына баса назар аударды.
«Nauryz - Celebration of Spring» концерті Қазақстан мен Испания арасындағы достық байланысты нығайтатын маңызды мәдени оқиға болды.
Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары домбыра, қобыз және басқа да дәстүрлі аспаптарда ұлттық музыканы шебер орындауды қамтитын жарқын бағдарлама ұсына қазақтың ән-жырын әуелетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Іс-шара қонақтары Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысып, қайталанбас әуендер мен ерекше вокалдық қойылымдардан ләззат алды. Жұртшылық таным мен тағылымға бай кеш сыйлағаны үшін сырбойылық әртістерге алғыс білдірді.
Мерекелік кеш аясында қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлі нақышта жасалған сый-сияпат ұсынылып, көшпенді мәдениет фотокөрмесі «тоғызқұмалақ» Қазақстанның мәдени игілігі болып табылатын және ЮНЕСКО-ның адамзат мәдени мұрасының тізіміне енгізілген зияткерлік ойынымен ұласты.