Мәдени-гуманитарлық байланыстар – екіжақты ынтымақтастықтың маңызды векторы

Мәдени-гуманитарлық байланыстар – екіжақты ынтымақтастықтың маңызды векторы

Мадрид, 2025 ж. 8 қаңтар – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (AECID, Испания СІМ ведомстволық бағынысты ұйымы) директоры Антон Леиспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ жетекші білім беру және зерттеу мекемелері арасындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуді қоса алғанда, ғылыми қызметті жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстандық дипломат баспа бастамаларын іске асыру және мәдени іс-шараларды өткізу арқылы екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды ағымдағы жыл ішінде іске асыру ниетін растады.