Барселонадағы XI Азия кинофестивалінде қазақ фильмдерінің көрсетілімі (AFFBCN)

Барселонадағы XI Азия кинофестивалінде қазақ фильмдерінің көрсетілімі (AFFBCN)

2023 жылғы 5 қараша Барселона – режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» қазақстандық фильмінің көрсетілімі Барселонадағы XI Азия кинофестивалі (AFFBCN) аясында өтті. 

Испания Корольдігінің СІМ жанындағы «Casa Asia» үкіметтік Ұйымының (Азия Үйі) қолдауымен фестивальге барлығы 5 қазақстандық картиналар қатысты: режиссер Дархан Төлегеновтың «Ағайындар» драмасы (2022 ж.); режиссер Фархат Шариповтың «Схема» драмасы (2021 ж.); режиссер Әділхан Ержановтың «Ғолияф» криминалдық драмасы (2022 ж.); және режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Зере» драмасы (2021 ж.). 

Екі фильм кинофестивальдің марапаттарын жеңіп алды. «Голиат» фильмі «Ресми панорама» бөлімінде «Үздік режиссура» сыйлығын жеңіп алды, ал «Зере» картинасы «Жаңалық» бөлімінде «Үздік режиссура» марапатталды.

Фильм көрсетілімінің алдында ҚР Барселонадағы консулдығының басшысы А. Сұлтанғожин қонақтарға сәлем сөз берді. Көрмеге жергілікті билік өкілдері, консулдық корпус өкілдері, журналистер, сондай-ақ қазақстандық азаматтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалар қатысты. 

 

Анықтама: Кинофестиваль Азия-Тынық мұхиты тұрғындарының өмірін жақындастыру мақсатында 25-тен астам елден 100 фильмнен тұратын бағдарламаны ұсынады. Күнделікті тәжірибелер мен эмоциялар, проблемалар мен қақтығыстар кинофестиваль бағдарламасын мазмұнмен толтырады. Биылғы жылы фестиваль жаңа немесе белгісіз авторларға арналған Ашық байқаумен жас кинорежиссерлердің жұмысына назар аударуға тырысады. 

«Бауырына салу» фильмі әжесі қайтыс болғаннан кейін ата-анасымен бірге тұруға көшкен Ерсұлтан есімді бала туралы. Ата-анасына он жыл өткен соң оралған Ерсұлтаның ата-анасымен  қарым-қатынасы өзгеруі мен қалпына келуі байқалады. Бірақ әжесің еске алуы Ерсұлтанды ата-анасымен қарым-қатынас орнатуына жол бермейді. Осы жобада әкелер мен балалардың  проблемасы «Бауырына салу» ұлттық дәстүрі  арқылы баланың көзімен баяндалған.