Испаниядағы жанкүйерлер командасы «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен кездесу өткізді

Испаниядағы жанкүйерлер командасы «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен кездесу өткізді

Мадрид, 2023 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен испандық «Kazajoz» велокомандасы (исп. – «Бадахостың қазақтары») «Astana Qazaqstan Team» кәсіби велокомандасымен алғашқы кездесуі өтті.

Испандық велосипед әуесқойлары өздерінің сүйікті командасымен кездесуді асыға күтті. Оларға «Astana Qazaqstan Team» Мадридте жылы қабылдау ұйымдастырып, онда команда беделді «Вуэльта» көпкүндік велосипед жарысының соңғы кезеңіне қатысу үшін келді.

«Kazajoz» - пен естелік кездесуге Джо Домбровский, Фабио Феллин, Вадим Пронский, Луис Леон Санчес, Андрей Зейц және басқа да велоспорт жұлдыздары қатысты.

Командалар бір-біріне естелік сыйлықтар беріп, футболкаларын спортшылардың қолтаңбаларымен алмастырды. «Astana Qazaqstan Team» испандық жанкүйерлеріне испандық «Вуэльтаға» қатысу үшін арнайы дайындалған шектеулі «джерсиді» табыс етті.

Сондай-ақ, Бадахостан келген спортшылар үшін «Astana Qazaqstan Team» командасының автобусына тур ұйымдастырды, сондай-ақ оларға Мадридтегі «Вуэльта» кезеңінің басталуына өтуді қамтамасыз етті.

«Kazajoz» велокомандасының президенті Хосе Антонио Санчес (бұрынғы кәсіби велошабандоз) «бүгін команданың арманы орындалды», - деп атап, команданың испан велоспортында қалыптасу тарихын айтып берді. Оның айтуынша, 2019 жылы Бадахос қаласында (Экстремадур автономиясы) «Astana Qazaqstan Team» философиясына сәйкес дамитын жаңа велокоманданы құру ойы пайда болды.

«Кazajoz»-тың тағы бір өкілі «Біз тіпті бір күні «Astana Qazaqstan Team» жұлдыздарымен кездесетінімізді елестете алмадық. Қазақстанның Испаниядағы Елшілігіне және «Astana Qazaqstan Team» велокомандасына біздің арманымызды жүзеге асырғаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз», - деп мәлімдеді.

2023 жылғы наурызда Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі «Kazajoz» командасымен байланыс орнатты, ал бұл кездесу туралы жаңалық Испанияның «MARCA» және «Mundo Deportivo» сияқты жетекші спорттық БАҚ-тарында жарияланды.

Қазіргі таңда «Kazajoz» велокомандасында әр түрлі жас санаттарында 40-қа жуық спортшы бар және Испанияның жол, трек және тау жарыстарына қатысып, жасөспірімдер велоспортын дамытады.