Наурыз мейрамына арналған құттықтау

Наурыз мейрамына арналған құттықтау

Құрметті достар, қымбатты отандастар!

Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі баршаңызды Әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Ежелден бері тойланатын бұл мереке халқымыздың рухани ұлылығын көрсете отырып, уақыт пен ұрпақтардың толассыз байланысы болған, көктемгі күн мен түннің теңелеуін, табиғаттың жаңаруы мен оянуын білдірген.

Жыл сайын көктемнің басталуымен біз бәріміз осы жарқын мерекені асыға күтеміз.

Бүгін Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық, өзара құрмет пен татулықтың нағыз ұлы мерекесі.

Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!