Қазақстан 2030 жылға дейін туризмді дамыту бойынша әлемнің ТОП-50 еліне кіруді жоспарлап отыр

Қазақстан 2030 жылға дейін туризмді дамыту бойынша әлемнің ТОП-50 еліне кіруді жоспарлап отыр

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның 2030 жылға дейінгі рейтингіне сәйкес туризмді дамыту бойынша әлемнің ТОП-50 еліне кіруді жоспарлап отыр.

Жаңа авиакомпанияларды ашу, туристік қызметтерді цифрландыру, қонақ үй бизнесінде және саланың басқа секторларында стандарттарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2030 жылға дейін ішкі туристер санын – 11 млн адамға дейін, шетелдік туристер санын – 4 млн адамға дейін, саладағы жұмыспен қамтуды – 800 мың адамға дейін ұлғайту жоспарлануда.