Испания университеттері Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы ақпаратқа қызығушылық танытады

Испания университеттері Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы ақпаратқа қызығушылық танытады

Кадис, 2021ж. 9 шілде – Ірі испан автономиясы Андалусияның жетекші оқу орындарының бірі Кадис университетінде Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигаловтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрісі өтті.

Іс-шара будандастырылған форматта өтті. Аудиторияға қатысқан түрлі елдерден келген оқытушылар құрамы мен студенттермен бірге университет платформаларында тікелей эфир болды.

Өз сөзінде Қазақстан ежелгі тарихы бар жас мемлекет екенін баса айтып, Елші жиналғандарды Президент Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының негізгі ойымен, Қазақстан Республикасының үш тарихи онжылдықтағы жетістіктерімен таныстырып, олар мемлекет тарихында сатылы мәнге ие болғанын айтты.

К.Жигалов тәуелсіздік таңында тұрған ауқымды міндеттерді шешуде, қазақстандық жолды қамтамасыз етуде және елді дамыған аймақтық державаға айналдыруда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың орасан зор рөлін атап өтті. Ол Елбасының негізгі сыртқы саяси бастамаларын егжей-тегжейлі атап өтіп, оны жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық беделін айтарлықтай күшейткенін жеткізді.

Қатысушылардың назары елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған Қазақстан Республикасы басшылығының стратегиясына, Президент Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларының үш пакетінің тұрақтылығы мен дәйектілігіне бағытталды.

Сапар аясында 17 қазақстандық ЖОО ынтымақтастық орнатқан Кадис Университетінің басшылығымен кездесу өткізілді. К.Жигалов университетте қазақ әдебиеті бұрышының ашылуына қатысып, испан тіліне аударылған Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын және испан тіліне аударылған қазақтың ұлы ойшылы мен философы Абайдың кара сөздерін сыйға ұсынды.

К.Жигалов Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Мадридке ресми сапары аясында Қазақстан мен Испания сыртқы істер министрлері қол қойған ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге тоқталып, аталған келісім университеттер арасындағы қатынастарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.