Испанияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

Испанияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

Мадрид, 2021 жылғы 18 ақпан  - Жоба Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің бастамасымен және еліміздің тарихындағы елеулі оқиғасына орай жүзеге асырылды.  Маркада ҚР Тәуелсіздігі 30 жылдығының логотипі бейнеленген және испан тілінде әрбір қазақстандықтың жүрегі үшін қымбат күні жазылған.

Пошталық корреспонденциясының жарқын келбеті болып табылатын марка Испанияның қоғамдық-саяси және іскер топтарына Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойлық күні туралы еске салады.

Кейінірек арнайы өшіру рәсімі және Испания филателистік ұйымдарына маркаларды жіберуі жоспарлануда.