Шетелде оқитын қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде eGov.kz порталы арқылы тіркелу

Шетелде оқитын қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде eGov.kz порталы арқылы тіркелу

Қазақстан Республикасының Елшілігі шетелдік оқу орындарында күндізгі нысан бойынша білім алып жатқан ҚР азаматтарының назарына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу тәртібі туралы ақпаратты жеткізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Дегенмен, шетелде білім алып жатқан азаматтар «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін өздерінің студенттік мәртебесін растауы қажет.

Тіркелуден өту жолы:

  1. eGov.kz электрондық үкімет порталына кіріңіз.
  2. «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметін таңдаңыз.
  3. Қажетті мәліметтерді толтырып, шетелдік оқу орнында оқитыныңызды растайтын құжатты (оқу нысаны мен мерзімі көрсетілген оқу орнынан анықтама) жүктеңіз.

Назар аударыңыз: Тіркеуден уақытылы өту қажет (соның ішінде оқуға түскен кезде немесе келесі курсқа ауысқанда). Әйтпесе, Қазақстанға келген кезде МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алуда шектеулер туындауы мүмкін.

Студенттер мен олардың ата-аналарынан бұл процедураға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.