
Мадрид, 2026 жылғы 25 маусым – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің төрағасы Хуан Карлос Лентихомен кездесу өткізді.
Қазақ дипломаты сұхбаттасын еліміздің ұлттық атом саласын дамытуға қатысты ұстанымдарымен таныстырып, алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті.
Атом энергетикасын дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі, сондай-ақ ғылыми-технологиялық дамуды ілгерілетудің, жоғары білікті кадрлар даярлаудың және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудың маңызды факторы ретінде қарастырылатыны атап өтілді.
Д. Мұсаев Қазақстанның ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарына бұлжымас бейілділігін де атап өтті. Осы тұрғыда тараптар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) аясындағы өзара іс-қимылдың келешегі мен тиісті халықаралық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады.
Сұхбаттасушылар атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, Қазақстан мен Испанияның бейінді мекемелері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды пысықтауға қызығушылық білдірді.